Тоқаев Алматыға келді

12.01.2022 14:53 Саясат 6926

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Тоқаев Алматыға келді
Фото: Қасым-Жомарт Тоқаев
«Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өткізіп, көңіл айтып, наградалар табыс етті», — деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығына барған. Жедел жәрдемде жатқан зардап шеккендерге барып, жағдайын сұрады.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр