Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты

05.01.2022 11:36 Өңір тынысы 4397

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын туралы айтты, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты
Фото: tengrinews.kz
«Құрметті жерлестер! Кеше Тараз қаласының орталық алаңында жиналғандарға үндеу жасадым. Оларды сабырға, тәртіпсіздік жасамауға, ортақ мәмілеге келуге шақырдым. Өкінішке қарай, жастар қаланың бас көшелерінде тәртіпсіздіктер мен заңсыздықтарға, бұзақылық әрекеттерге жол берді. Нәтижесінде 10-нан аса полиция көлігі аударылып, өртенді. Облыс әкімі аппаратының ғимараты, орталықтағы банк бөлімшесі бүлінді. Бәрі заң шеңберінде болуы керек, тәртіп сақталуы тиіс», — деді Сапарбаев өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне.

Әкім мемлекет мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заң бойынша қудаланатынын айтты.

«Баршаңызды арандатуға ермеуге шақырамын! Барлық заңсыз әрекет үшін жауапты болатындарыңызды қатаң ескертемін!» — деп түйіндеді Сапарбаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге төмендету туралы пікір білдіріп, халықты деструктив топтарға ермеуге шақырғаны хабарланды.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр