Елордадағы жаңа мешіттің суреттері жарияланды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.
Елордадағы жаңа мешіттің суреттері жарияланды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.
Қабанбай батыр мен Мәңгілік ел даңғылдары арасында орналасқан мешіт 30 мың адамға шақталған. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болады.
Мешіттің салынатыны туралы 2019 жылғы 18 наурызда белгілі болды.
Жаңа мешіттің аумағы – 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метрді құрайды.
Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды деп жоспарланған.
0 комментариев