Қазақстанда инфляция төмендеді — Ұлттық банк

29.12.2021 14:40 Сараптама 5159

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2021 жылғы қарашада инфляция 0,7% құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш - 0,9% болған, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Қазақстанда инфляция төмендеді — Ұлттық банк
Фото: Көрнекі сурет
«Жылдық инфляция 8,7% деңгейінде қалыптасты (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%). Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар жылдық мәнде 10,9%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 8,3%-ға, ақылы қызметтерге - 6,4%-ға өсті», — дейді ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Ұлттық Банкте 2021 жылғы қарашада халықтың сауалнама нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның сандық бағасы 10,8%-ды құрағанын атап өтті.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр