«Қазақфильм» жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты

28.12.2021 18:29 Мәдениет 4394

«Қазақфильм» киностудиясы аумағында орналасқан аллеяда отандық кинематографияның дамуына үлес қосқан танымал тұлғаларға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

«Қазақфильм» жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты
Фото: автор: Бауыржан Үсенов

Қазақ кино жұлдыздарының аллеясы 13 жаңа есіммен толықты, олардың арасында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, қазақ киносының ардагері, дыбыс операторы Қадыр Қосай, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева бар.

Ескерткіш жұлдыздар өмірден өткен әртістер мен еңбек сіңірген қайраткерлерді еске алу үшін жасалды. Олардың арасында:

режиссер Сатыбалды Нарымбетов (08.03.1946 - 08.07.2021);

режиссер Игорь Вовнянко (14.07.1942 - 10.10.2021);

актер Құман Тастанбеков (10.03.1945 - 17.12.2017);

актер Меңтай Өтепбергенов (07.08.1946 - 05.01.2016);

актер Фархат Әбдірайымов (21.01.1966 - 21.05.2021);

актер Жамбыл Құдайбергенов (17.05.1949 - 06.10.1990);

студияның бас инженері Юрий Бреус (05.07.1911 - 18.11.1998);

алғашқы қазақ кинооператоры Ескендір Тынышпаев (09.05.1909 - 01.04.1995);

оператор, режиссер Марк Беркович (30.01.1914 - 12.03.1986);

оператор, режиссер Вячеслав Белялов (22.01.1936 - 04.10.2004).

«Өкінішке қарай, қазақ киносының негізін қалаушылардың көбі арамызда жоқ. Оларды еске алып, ұмытпауымыз керек. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, бәріңізге зор денсаулық тілеймін», — деді Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

"Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев Сатыбалды Нарымбетовтың ұлдарына Франциядағы кино фестиваль аясында берілген "Отандық кинематографияның дамуына үлес қосқаны үшін" сыйлығын табыстады.

Іс-шараға кино өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғалардың туыстары мен жақындары, көрнекті мәдениет қайраткерлері және киностудия ұжымы қатысты.

Еске салайық, жұлдыздар аллеясы 2011 жылдың күзінде ашылған болатын.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр