Орман шаруашылығы саласы кадрға зәру

30.12.2021 15:23 Сараптама 5173

Сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында орман шаруашылығы саласындағы бірқатар проблемаларды қозғады, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Орман шаруашылығы саласы кадрға зәру
Фото: Көрнекі сурет

Сенатор жаңа жыл қарсаңында ағаштарды заңсыз кесу мәселесі ерекше өзекті болып отырғанын айтты. Оның айтуынша, жазаның қатаңдауына қарамастан, Экология министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері заңсыз 224 ағаш кесу жағдайы анықталған.

Оның пікірінше, орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, заманауи селекциялық орталықтар мен орман тұқымы кешендерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ өртпен күресу жөніндегі заманауи ақпарат жүйесінің жоқтығы қалыптасқан жағдайдың өршуіне алып келді.

«Бүгінде бұл саладағы ең қиын мәселе - кадрлармен қамтамасыз ету. Егер 30 миллион гектарға жуық аумақта орман қорын бақылауды тек 147 инспектор жүзеге асырса, орман ресурстарының сақталуы туралы не айтуға болады? Олардың санын бұрынғыдай кемінде екі есе көбейту ұсынылады. Қазіргі уақытта олардың техникамен қамтамасыз етілуі нормативтің 60%-нан аспайды. Орманшылардың орташа жалақысы небәрі 70 мың теңгені құрайды. Жалпы, орман шаруашылығы Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын сала болып табылады», — деді депутат.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр