Месси «Интер Майами» клубына ауысуы мүмкін

03.01.2022 16:43 Спорт 7224

Франциялық «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы, жеті дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Месси «Интер Майами» клубына ауысуы мүмкін
Фото: Месси

Деректерге сенсек, футболшы 2023 жылы америкалық командамен келісімшартқа қол қоюы ықтимал. «Интер Майами» футбол клубы бүгінде бұрынғы даңқты футболшы Дэвид Бекхемге тиесілі екені мәлім.

Бұған дейін Мессидің Майамиден үй сатып алғаны туралы ақпарат тараған болатын.  

0 комментариев

Қазір оқып жатыр