Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Халық әртісінен кешірім сұрады

27.12.2021 11:14 Мәдениет 4425

«Отыздан асып барамын» фильмінде Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Малика Қалдарбек Халық әртісінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Халық әртісінен кешірім сұрады
Фото: Малика Қалдарбек/Мақпал Жүнісова

«Ирина Кайратовна» тобы түсірген кинокартина желіде қызу талқылануда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарыққа шыққан фильмді бірнеше күнде 5,5 миллион адам тамашалап үлгерген. Аталған туындыда актриса Малика Қалдарбек Халық әртісі Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған. Алайда бұдан хабары болмаған Жүнісова көзі тірі тұрғанда, ешкімнің алдынан өтпегеніне қапаланды. Әлеуметтік желіде пост жазып, фильм авторларын өзінің "жауларына" теңеді.

Әншінің рөлін сомдаған актриса Малика Қалдарбек аталған жайттан хабарсыз болып шықты. Ол Мақпал ханымның образын қолынан келгенше сомдап шыққанын айтып, әншіден кешірім сұрады.

«Мақпал апай қазақтың ерке қызы. Қазақ тарихында орнын ойып алып тұрған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп, көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше қазақтың біртуар қызының рөлін берді деп қуанып, актрисалық карьерамдағы ең үлкен белестердің бірі деп қабылдап едім. Сіздің білмегеніңізден хабарым жоқ еді. Айтқандарыңызға келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образды қолымнан келгенше ұятқа қалдырмай сомдап шықтым шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз! Жастығым шығар бір ауыз алдыңыздан өтпегенім», — деп жазды ол.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр