Келер жылы теңге бағамы нығаюы мүмкін

23.12.2021 12:59 Сараптама 4510

Келер жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қанша болуы мүмкін, ол импорттық тауарларға қалай әсер етеді? Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының аналитигі Рамазан Досов осы сұрақтар төңірегінде пікір білдірді, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Келер жылы теңге бағамы нығаюы мүмкін
Фото: Көрнекі сурет

Қазақстанның валюта нарығында сыртқы әсерлерге байланысты шетел валютасына сұраныс бәсеңдей қойған жоқ. Тіпті осы айда биржалық валюталық сауда-саттықта жыл басынан бергі мәмілелердің ең жоғары көлемі (бір доллар үшін 436 теңгеге әлсіреді) тіркелді.


– Келер жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай болмақ?

Осы жылдың желтоқсан айының басында қаржы нарығы сарапшыларымен сауалнама жүргізген едік. ҚҚҚ-ның сауалнамасы нәтижесінде АҚШ доллары 2022 жылы 445,9 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, бұл ағымдағы деңгейден 2,6%-ға (434,7₸/$) қымбаттауы мүмкін деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, қараша айында бағам бойынша орташа болжам бір жылдан кейін 434,2 теңгені құрады. Ал бір ай бұрын сарапшылар ұлттық валюта бағамы бір жылдан кейін бір доллар үшін 434,2 теңгені құрайды деп болжаған еді. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы әртүрлі факторларға байланысты. Олардың ең бастысы — коронавирустық пандемиямен жағдайдың нашарлау қаупі, сондай-ақ АҚШ, Ресей және Қытай арасындағы геосаяси шиеленіс. Егер "омикрон" жаңа штаммы әлемдік экономикаға елеулі шектеулерге алып келмесе және Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға қатысты тәуекелдер төмендесе, онда ұлттық валюта бағамының нығаю ықтималдығы артады.

 

– Теңге бағамына қатысты тағы қандай болжамдар бар?

2022 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық банктің ноталары сияқты теңгелік қаржы құралдарына сұраныс қайтадан өсуі мүмкін. Бұл жаһандық конъюнктураның өзгеруіне байланысты ұлттық валютаның шамадан тыс әлсіреуінен кейін бірнеше рет орын алды. Себебі, Ұлттық Банк инфляцияны төмендету үшін базалық мөлшерлемені кезең-кезеңімен 9,75%-ға дейін көтерді, бұл теңгенің инвестиция үшін құрал ретіндегі тартымдылығын арттырады. Басқаша айтқанда, жинақтау тиімдірек болды. Сондай-ақ соңғы жылдардағы нарық ойыншылары энергетикалық ресурстардың құны алдыңғы жылдардағы деңгейден (суперциклді) жалғастыруды күтуде, яғни 2022 жылы мұнай бағасы өсуді жалғастырады деп үміттенеді (2021 жылы мұнай 40%-ға қымбаттады). ҚР экономикасына қосымша мұнай долларларының құйылуы теңгеге деген сұраныстың өсуіне алып келуі мүмкін, сол арқылы ұлттық валюта бағамын нығайтады. Іргелі факторларға байланысты ұлттық валюта бағамы кез келген бағытта өзгеруі мүмкін. Алайда Ұлттық Банк бірнеше рет мәлімдегендей (және өз уәделерін орындады), ол алыпсатарлықтан және мөшерлес емес эмоциялық реакциядан туындаған бағамның шектен тыс ауытқуына жол бермейді. Мысалы, ағымдағы жылдың қараша айының соңында және желтоқсанның басында Ұлттық Банк валютаға сұраныс артқан кезде жалпы сомасы 304 млн доллар интервенция жүргізді.

Сонымен қатар сарапшы, экономикаға аяқ-асты жоспарланбаған күрделі оқиғалардың, яғни елдің ірі сауда серіктестеріне қатысты геосаяси тәуекелдері және дамушы аймақтардың жекелеген елдерінің қаржы нарықтарындағы турбуленттіліктің де әсері барын атап өтті.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр