Дәулет Тұрлыханов жаңа президент болып сайланды

27.12.2021 12:00 Спорт 4389

Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федера­циясының (ҚРКФ) басшысы қызме­тіне Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов сайланды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Дәулет Тұрлыханов жаңа президент болып сайланды
Фото: Дәулет Тұрлыханов

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазан айының басында ҚРКФ кезектен тыс онлайн конференциясында грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа президенті болып бұған дейін орынбасарлық қызмет атқарған Ерлан Қо­жасбай сайланған болатын. Ол Сауат Мың­баев­тың орнын басты. Жаңа басшы келе сала фе­дерацияның вице-президенттері Дәу­лет Тұр­лыханов, Гүзель Манюрова, Сәкен Мұсай­бе­ков және Данияр Әбілғазинді қызметінен босатты.

Жоғарыдағы жағдай көпшілікті қанағат­тандырған жоқ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың атына ашық хат жазған аймақтық федерация басшылары сайлау нәтижесімен келіспеді. Облыстық ұйым басшылары сайлау кезінде болған өрескел заң бұзушылықтарға тоқталып, қайта сайлау өткізуді сұрады. Олардың бұл өтініші қанағаттандырылды. Нәтижесінде, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов күрес федерациясының тізгінін ұстады.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр