Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.
Бибісара Асаубаева ФИДЕ әйелдер арасындағы блиц бойынша 2021 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. 17 жастағы спортшы 17 ойынның 13-інде жеңіске жетіп, тағы екеуінде тең түскен.
Барлығы Асаубаева мүмкін болатын 17 ұпайдан 14 ұпай жинады. Оның артында екі ресейлік - Александра Костенюк пен Валентина Гунина болды.
Бұған дейін қазақстандық әйелдер арасындағы рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Бұл ересектер арасындағы шахматтан Қазақстандағы алғашқы алтын медаль.
0 комментариев