Ақтөбеде мектеп директоры сотталды

29.12.2021 15:59 Өңір тынысы 4349

Ақтөбеде жұмысқа кіргіземін деп пара алған мектеп директоры 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Ақтөбеде мектеп директоры сотталды
Фото: Көрнекі сурет

Облыстық соттың ақпараты бойынша, ол мектеп директорының міндетін уақытша атқарып жүріп, өзінен жұмыс сұрап келген тұрғындардың бірінен 200 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге пара алған. Сот үкім шығарар кезде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескерген.

«Сот үкімімен А. Кушербаева қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр