АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанның конституциялық институттарын қолдады

14.01.2022 13:00 Әлемде 3098

АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам және еңбек құқықтары жөніндегі көмекшісінің орынбасары Кара Макдональдтың кеңсесі Қазақстанның конституциялық институттарына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанның конституциялық институттарын қолдады
Фото: Tengrinews.kz
"Қазақстанның конституциялық институттарына және Қазақстан халқының тұрақтылығына сенеміз", - делінген ведомствоның Twitter-дегі парақшасында.

Twitter-де АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Ержан Ашықбаевпен әңгіме қорытындысы бойынша хабарлама жарияланды.

Әңгіме барысында Қазақстан Үкіметі мен азаматтық қоғам арасындағы сенімді нығайту, сөз бостандығын қамтамасыз ету және елде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланғаны айтылды.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр