Алматының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

13.01.2022 10:13 Өңір тынысы 4159

Алматының бас дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Алматының бас санитарлық дәрігері тағайындалды
Фото: Қарлығаш Әбдіжаббарова

12 қаңтардан бастап Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (халық арасында СЭС деп аталады) басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

5 қаңтардан бастап Әбдіжаббарова СЭС бөлімінің бастығы қызметін уақытша атқарды. Бұған дейін бұл бөлімді Жандарбек Бекшин басқарды, ол да зейнеткерлікке шыққанға дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болды.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр