Алматыда карантин күшейді

14.01.2022 12:55 Өңір тынысы 4122

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа омикрон штамы табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Алматыда карантин күшейді
Фото: Көрнекі сурет

Қаулыда бірқатар шектеу бар.

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, үй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, уйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;

- қоғамдық орындарға, онын iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қажет.

- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («кызыл» мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» мәртебе) - 14 кун iшiнде өзін оқшаулау режимі.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр