Алматыда бүгіннен бастап карантин жеңілдеді

22.11.2021 10:24 Қоғам 137

Алматыда 22 қарашадан бастап карантин жеңілдейді, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Алматыда бүгіннен бастап карантин жеңілдеді
Фото: Көрнекі сурет

Бұған дейін қала коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа көшкен болатын. Бүгіннен бастап Алматыда барлық тасымалдаушы, оның ішінде туристік бағыттар да өз қызметін бастайды. Вокзалдар, ХҚКО-лар, сондай-ақ білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істей бастайды.

Мейрамханалар, дәмханалар толымдығы 50 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істей алады. Негізгі шарт - нысан Ashyq жүйесінің қатысушысы болуы керек.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр