Алматы облысында антитеррористік операция жалғасып жатыр

14.01.2022 17:05 Қоғам 7488

Алматы облысы бойынша антитеррористік операция әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Алматы облысында антитеррористік операция жалғасып жатыр
Фото: Көрнекі сурет

Комендант Серік Күдебаевтың айтуынша, өңірдегі жағдай тұрақты әрі жіті бақылауда. Дегенмен күштік құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс бойынша 82 блок-бекет қойылды. Соның 20-сы Талдықорғанда. Коменданттық сағат әлі алынбады. Бүлік шығарып, қарақшылықпен айналысқандарды анықтау ісі қызу жүріп жатыр. Өңірде төтенше жағдай режимін бұзған азаматтардың үстінен 102 қылмыстық іс қозғалды. 90 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыскерлерден 100-ге жуық әртүрлі қару-жарақ алынды. Сонымен қатар мародерлік кезінде жымқырылған 53 ұялы телефон, 4 телевизор, 7 тігін машинасы, басқа да техника мен спирттік ішімдіктер тәркіленді. Менің сіздерден тағы да сұрарым, егер сіздерге тәртіпсіздік пен мародерлікке қатысқан адамдар жайлы мәліметтер белгілі болса, ақпаратты Алматы облысының полиция департаментіне жіберулеріңізді сұраймын», — деді Серік Күдебаев, Алматы облыстық ПД бастығы.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр