Алматы әкімдігі 4 жасар қыздары қайтыс болған отбасыға 3 бөлмелі пәтер береді

14.01.2022 17:38 Оқиғалар 7653

Алматы әкімі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан 4 жасар қыздың отбасымен кездесті, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі 4 жасар қыздары қайтыс болған отбасыға 3 бөлмелі пәтер береді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қыздары - төрт жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көп балалы отбасымен кездесті.

«Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Әбдімоваға орны толмас қазаға байланысты көңіл айтты», — делінген әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінде.

Әкімдік Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт жасар Айкөркемнің қайтыс болғанын, ал оның 15 жастағы әпкесі Жанель алған жарақатпен жансақтау бөлімінде жатқанын еске салды.

«Бақытжан Сағынтаев Жанелдің сауығып кетуін тілеп, қыздардың ата-анасын берік және мықты болуға шақырды», — деп қосты әкімдік. 

0 комментариев

Қазір оқып жатыр