Алдағы күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады

21.10.2021 18:05 Қоғам 76

Қазақстандық синоптиктер 22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Алдағы күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады
Фото: Көрнекі сурет

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы алдағы уақытта циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктермен анықталатын болады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Елдің басым бөлігінде тұман күтіледі, оңтүстік-батыста - шаңды дауыл, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында - көктайғақ болып, қар соғады.

"Қазгидромет" РМК Ақмоланың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың солтүстік-батысында, шығысында, күндіз батыс пен солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман, қарлы боран, көктайғақ күтіледі деп болжайды.

Облыстардың басым бөлігінде жел күшейіп жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, батыста, оңтүстік-батыста, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел күшейіп, 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Түнде және таңертең Атыраудың батысында, Түркістан облыстарының таулы аймақтарында, облыстардың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі - желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ, қарлы боран күтіледі, облыстың басым бөлігінде-жел күшейіп 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Түнде Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының шығысында көктайғақ күтіледі, күндіз көптеген облыстарда - жел күшейіп 15-20 м/с-ке жетеді. Түстен кейін Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

0 комментариев

Қазір оқып жатыр

0