Mnews.kz интернет-ресурсы материалдарын пайдалану ережесі

1.1. Интернет-ресурстың иесі «Murager Group» ЖШС болып табылады;

1.2. Интернет-ресурсқа қолжетімділігі бар кез келген тұлға интернет-ресурс пайдаланушысы (бұдан әрі - Пайдаланушы) болып табылады;

1.3. Mnews.kz интернет-ресурсын пайдалана отырып, Пайдаланушы интернет-ресурсқа алғаш кірген кезде дереу күшіне енетін төменде келтірілген шарттарды заңды түрде міндетті орындауға келіседі;

1.4. Осы Келісім «Murager Group» ЖШС кез келген уақытта ескертусіз толық немесе ішінара өзгертілуі мүмкін. Келісімнің жаңа редакциясы интернет-ресурста жарияланған сәттен бастап күшіне енеді;

1.5. Mnews.kz интернет-ресурсында орналастырылатын барлық материалдар 18+ аудиторияға арналған;

1.6. Mnews.kz интернет-ресурсы материалдарын пайдалану ережесі интернет-басылымдарға да, интернеттегі барлық беттерге де таратылады: жеке аккаунттар, пабликтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік желілердегі арналар;

 

  1. Интернет-ресурста орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары:

2.1. Интернет-ресурста орналастырылған мәтіндік материалдарды көшіруге, қайта басып шығаруға және кейіннен таратуға бастапқы материалдың 25 пайызынан аспайтын көлемде және ол басқа редакцияда (қайта жазу) жазылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Бастапқы материал мен тұжырымға міндетті гиперсілтеме «Mnews.kz хабарлайды» таратылатын материалдың бірінші абзацында орналастырылады;

2.2. Егер «Пайдалануға тыйым салынады» немесе «Эксклюзив» деген тиісті белгі болса, мәтіндік материалды пайдалануға тыйым салынады;

2.3. Фото, видео және трансляцияны пайдалану Mnews.kz басылым редакциясының рұқсатымен ғана рұқсат етіледі;

2.4. Интернет-ресурста орналастырылған фото, видео және трансляцияны пайдалануға редакцияның рұқсатын алған жағдайда, осы материалдарды кез келген редакциялауға тыйым салынады.

 

  1. Пайдаланушыға тыйым салынады:

3.1. Басқа Пайдаланушылардың есептік деректерін жинау;

3.2. Интернет-ресурста және/немесе интренет-ресурс элементтерінде орналастырылған ақпаратты жинау үшін кез келген автоматты немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану;

3.3. Интернет-ресурстың және / немесе интернет-ресурс элементтерінің жұмыс істеуін тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру, интернет-ресурсты және/немесе интернет-ресур элементтерін немесе олардың жабық бөлімдерін (оның ішінде құқық иеленушіге ғана рұқсат етілген бөлімдерге) басқаруға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін жүзеге асыру, сондай-ақ кез келген басқа да ұқсас әрекеттерді жүзеге асыру;

3.4. Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, интернет-ресурсты пайдаланушының алдын ала рұқсатынсыз қандай да бір коммерциялық мақсатта пайдалану.

Егер Сізде шағымдар болса, интернет-ресурс әкімшілеріне немесе модераторларына хабарласыңыз.

© "Murager Group" ЖШС»

Барлық құқықтар қорғалған.